Халық – салық төлеушi,
талап етуге құқы бар
— Жұмағали Қазыбайұлы, Ciз бұл қызметке Оңтүстiктiң денсаулық сақтау саласының басына күн туған аса ауыр шақта келдiңiз. Сол тұста конго-қырым қанды геморрагиялық безгегiнен бiрнеше адам, оның iшiнде дәрiгерлер де қайтыс болған едi. Осындай жағдайларда ветеринарлар мен билiк өкiлдерiнiң жазадан құтылып, дәрiгерлердiң тұтылып қалатыны несi?
— Рас, мен бұл қызметке Оңтүстiкте конго-қырым қанды безгегi өршiп тұрған шақта келдiм. Бiле бiлсеңiздер, өңiрде дезинфекциялау жұмыстарына сол жылдардан бастап қомақты қаржы бөлiне бастады. Зарарсыздандыру жұмыстарына қаржы бөлу бұған дейiн бiрнеше жыл бойы тоқтап қалған болса керек. Жалғасы »


Мемлекет басшысының тиiстi Жарлығының аясында Маңғыстау облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi кезектен тыс аттестаттау өткiзуге дайындық үстiнде.
Жуырда Шымкентте кеденшiлер мен бизнес өкiлдерi қатысқан үлкен жиын өттi. «Кеден – бизнеспен ашық диалог» деп аталатын ақпараттық-түсiндiру акциясы бүгiнде республиканың барлық аймақтарында өткiзiлiп келедi. Аталмыш жиынға ҚР Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Игорь Тен және аталмыш комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлерi келiп қатысты. Екi тараптың кездесуi жиынын ОҚО әкiмiнiң орынбасары Берiк Оспанов ашып бердi.
Бұдан былай мектептi жөндеуден өткiзу үшiн ата-аналарға алақан жайып, ақша талап ететiндер анықталса, тiкелей жауап бередi. Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары Баһадыр Нарымбетов мектеп директорлары мен қалалық бiлiм бөлiмiнiң бастығы Жанат Тәжиева қатысқан штаб жиналысында осындай ескерту айтты.
